«Ауыл» партиясы: Мықты ел – халқын импортсыз тамақтандыратын ел
«Ауыл» партиясы халықты импортсыз тамақтандыруды қалайды. Алматыда белгілі тұлғалармен кездесу өткізген партия өкілдері аграрлық мәселені көтерді.
Автор: Аруна Ортай
16.12.2020
Кездесу барысында партияның азық-түлік мәселесін шешуге бағытталған ұсынысы талқыланды. Өйткені саяси ұйым өкілдері ең мықты ел өз халқын импортсыз тамақтандыратын ел деп санайды. Сол үшін де ауыл шаруашылығында жаңа реформалар керек деп есептейді. Ауылдықтар тек сонда ғана Қазақстанды аграрлық державаға айналдыруға болатынына сенімді.
Дәурен Қуат, Ауыл партиясының мүшесі:
- Қазақта сөз бар, «көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген. Біз қисынсыз заңды талап етіп отырған жоқпыз. Бұл уақыты жетіп, пісіп отырған мәселе.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!