Азат Перуашев: «Желтоқсан» оқиғасына қатысқандарға саяси баға берілу керек
Тәуелсіздік күні «Ақ жол» партиясының өкілдері Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің алдынан табылды. Партия өкілдері азаттық күніне құрмет көрсетіп, ескерткіш алдына гүл қойды.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.12.2020
Алаш арыстарының ұранын қайта жаңғыртып жүрген кәсіпкерлер партиясының Тәуелсіздік күніне қатысты да билікке айтар ұсынысы бар. Ашаршылық құрбандары мен Алаш қайраткерлерінен бөлек, 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасының қатысушыларына саяси баға берілу керек дейді олар.
Азат Перуашев, Aq Jol партиясының төрағасы:
- Бұл деген тек мына түрмеге қамап тастаған азаматтар ғана емес, сонымен қатар оқудан, жұмыстан қуып шығарған қаншама мыңдаған азаматтарымыздың ісін қайтадан қарастыру керек деп және оған тиісті саяси баға беру керек деп санаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!