{metadescription}
Adal: Алғаш кездесуде-ақ халық атқамінерлердің әрекетін ақтарып салды     
Adal: Алғаш кездесуде-ақ халық атқамінерлердің әрекетін ақтарып салды     

Adal: Алғаш кездесуде-ақ халық атқамінерлердің әрекетін ақтарып салды     

Әкімі әлеуметтік желіде бұғаттап тастаған тұрғындар Adal-дықтарға шағымданды. Халықтың  жоқ-жітігін түгендеуге партия өкілдері Түркістан облысына аттанған. Алғашқы кездесуде-ақ халық оларға атқамінерлердің әлгіндей әрекетін ақтарып салды.     

Жетісай тұрғындары партия өкілдерінен еш нәрсені жасырған жоқ. Қалада жастар сүйсініп баратын жақсы спорт кешендері мен әлі күнге дейін сапалы жолдың салынбағанын айтып налыды. Айтуларынша, бұл жайлы әкімнің өзіне де, тіпті әлеуметтік желідегі парақшасына да талай мәрте жазған. Алайда атқамінер ақыры оларды бұғаттап тынған. Партия өкілдері осы және ауылдардағы ең өзекті мәселелеррмен жіті айналысуға сөз берді.

Дәулет Мұқаев, Adal партиясының мүшесі:

Егін шаруашылығымен айналысқаннан кейін жайылым жерлер өте аз. Яғни, мал шаруашылығын бордақылау үшін де жер болу керек. Ал бұл жерде мақта, қауын-қарбыз дегендей, көбі егін шаруашылығына бөлінген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде