{metadescription}
Nur Otan партиясы 130 мың жұмыссызды сұранысқа ие кәсіптерге оқытады  
Nur Otan партиясы 130 мың жұмыссызды сұранысқа ие кәсіптерге оқытады  

Nur Otan партиясы 130 мың жұмыссызды сұранысқа ие кәсіптерге оқытады  

Nur Otan партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Жамбыл облысына барды. Олар өңірде бірнеше кездесу өткізіп, партияның саяси дода алдындағы бағдарламасын талқылады.

Облыс спортшыларымен кездесуде штаб жетекшісі Бауыржан Байбек бұқаралық спортты дамыту, әсіресе, балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда партиялық бағдарламадағы негізгі басымдық жайын сөз етті. Nur Otan ұлттық спорт түрлерін дамытуға ықпал етпек. «Әсіресе ат спортына ерекше көңіл бөлеміз», - дейді.

«ҚТЖ» Локомотив депосы және «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының ұжымымен кездесуде азаматтарды әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орнын ашу мәселесі талқыланды. Партияның сайлауалды бағдарламасында 130 мың жұмыссыз адамды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге оқыту көзделеді. 150 мың адам «Бастау Бизнес» жобасымен білім алады.

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Жамбыл өңірінде 24 әр түрлі кәсіпорын бар, 84 мың адам жұмыспен қамтылады. Соның ішінде Тараз қаласында 15 мың. Бізде тұрақтылықтың, келісімнің арқасында осындай жоспар бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.