{metadescription}
Мұз үстінде балық аулағанда нені ескеру керек?
Мұз үстінде балық аулағанда нені ескеру керек?

Мұз үстінде балық аулағанда нені ескеру керек?

Жамбыл облысында екі оқушы суға батып кеткеннен кейін төтенше жағдайлар қызметі арнайы рейдке шықты. Енді сондай қайғылы жағдай болмас үшін құтқару қызметі өңірдегі өзен-көлдерді аралап, жергілікті тұрғындарға мұзда жүру тәртібі мен сақтық шараларын түсіндіріп жүр.

Терісащыбұлақ су қоймасының тереңдігі 21 метр. Мұздың қалыңдығы дәл қазір 25 сантиметр. Демек мұнда жүруге рұқсат бар. Қыс түсе сала әуесқойы, кәсібиі бар балық аулаушылардың бәрі осында ағылады. Мұздың әр жерін тесіп қармақ салады. Бірақ көбі қауіпсіздік талабын елемейді. Ал оның соңы немен аяқталары бүгін арнайы қойылым ретінде жұртқа көрсетілді. Сценарий бойынша, мұздың қалыңдығына зейін салмаған балықшы суға батып кетеді.

Арнайы оқу-жаттығу болған соң, суға кеткен адам құтқарылды. Ал шынайы өмірде сізге қол ұшын созатын адам болмауы мүмкін. Сондықтан төтеншеліктер балықшыларға көл бетіне шығарда мұқият болуға, ең алдымен мұздың қалыңдығын тексеруге кеңес береді.

Құтқару қызметінің өзен-көлдерді аралуы бекер емес. Екі апта бұрын Байзақ ауданында 6-және 9 жастағы екі жеткіншек көлдегі мұзға сырғанауға барып суға кеткен. Еееуінің салмағын көтере алмаған жұқа мұз қақ айырылып, балалар көлдің табанына бір-ақ түсіпті. Жақын маңда көмек көрсетер ешкім болмаған. Төтеншіліктер осындай қайғылы жағдай болмас үшін арнайы рейдке шығып, жұртқа сақтық шараларын түсіндіріп жүр.

Омар Тәкеев, Жамбыл облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:

- Жамбыл облысының тұрғындарына балаларды мұзда ойнау кезінде қатаң сақтық шараларын сақтау жөнінде және әуесқой балықшыларды мұзда қауіпсіздік сақтауды көрсетеміз.  

Қыстың күні мұз бетіне шығарда қарапайым екі нәрсені қаперде ұстаңыз: егер жаяу жүрсеңіз, мұздың қалыңдығы 25, ал көлік мінсеңіз – 35 сантиметр болуы тиіс. Сонда қауіптің ауылы алыстайды.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде