{metadescription}
Красный Ярда екі отбасының баспанасы өртеніп кетті – Көкшетау
Красный Ярда екі отбасының баспанасы өртеніп кетті – Көкшетау

Красный Ярда екі отбасының баспанасы өртеніп кетті – Көкшетау

Көкшетауда екі отбасы өрттің кесірінен далада қалды. Красный Яр кентінде тұратын ағайынды Ақылбек және Бақытжан  Бексейітовтердің баспанасы түнде түгі қалмай өртеніп кеткен. Осыдан бес жыл бұрын өз қолымен тұрғызған екі қабатты коттедж енді тұруға жарамсыз.

Екі отбасына арналып салынған коттедждің бір жағында өрт басталғанда, үйдің екінші жағында бір отбасы түк сезбей отыра берген. Тілсіз жау жан жағын жайпап күш алған кезде ғана көршілері байқап қалып, жанұшыра жүгіріп келіпті. Сөйтіп үйдегі адамдарды сыртқа шығарып үлгереді. Өрт сөндірушілер де жылдам жетіпті. Бірақ екінші қабат ағаштан  салынғандықтан, лапылдап жанған өрт ешкімді жақындатпаған. Дүние-мүлкі, киім-кешегі, құжаттары өртеніп кетті.Үстіне ілген киіммен басын аман алып шыққан  екі ағайындының  отбасында шиеттей бес бала бар екен. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз.      

Нұржамал Есжанова, зардап шегушінің туысы:

- Бес кішкентай баламен бәрі далаға жалаңаш шықты. Ештеңе де алынған жоқ. Тұруға жарамайды. Шаңырағы ортасына түсіп тұр. Енді көмек керек, қандай болса да, материалдық болса да.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде