{metadescription}
Еуропаның бірқатар елінде карантин күшейтілді
Еуропаның бірқатар елінде карантин күшейтілді

Еуропаның бірқатар елінде карантин күшейтілді

Еуропаның бірқатар елінде карантин күшейтілді. Бұл жақта вирус жұқтырғандардың саны күн сайын күрт өсіп жатыр. Германияда бір тәулікте дерт дендегендердің саны жағынан антирекорд тіркелді.

Британияда коронавирусқа шалдыққандар саны 2 миллиондық межеге жуықтады. Өлім көрсеткіші көбейген соң, министрлер кабинеті ел астанасында шектеу шарасын күшейтті. Бүгіннен бастап Ұлыбританияның мейрамхана, қонақ үйлері мен кинотеатрлары жабылды.

Францияда локдаунның орнына комендаттық сағат енгізілді. Кешкі сегізден таңғы алтыға дейін тұрғындар үйден шықпауға міндеттелді. Мәдениет ошақтары жабылғандықтан,бұл саланың өкілдері құрдымға кетіп барамыз деген пікірде.

- Бұл бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Театр қауымдастығына қаралы күндер басталды. Бәрі жұмысын ұзақ уақытқа жоғалтты.

Германияда бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны бірден 27 728 болды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Берлиндегі ауруханалардың 90 пайызы лық толған. Ауру асқынған Еуропа елдері шектеуді күшейту арқылы дерттің бетін қайтаруға болатынына сенгісі келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде