Атырау облысы «қызыл аймаққа» кірді
Атырау облысында ауру асқынып, өңір «қызыл аймаққа» кірді. Соңғы бір аптада 335 адам КВИ жұқтырыпты. Солтүстік Қазақстан облысында кеселдің жайылуы бәсеңдеген. Енді солтүстіктен пойыз немесе ұшақпен келетіндер ПТР тест тапсырмайтын болды. Ал Шығыс Қазақстан облысындағы карантин талаптарына өзгерістер енді.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
16.12.2020
Атырау облысында қатаң карантин шаралары тек Теңіз кенішінде күшейтілген. «Өйткені мұнда кесел жұқтыру көрсеткіші өсті», - дейді мамандар. Сондықтан мұнайшылар қалашығының маңайындағы блок-бекеттер әлі де тұрады. Өңірдің басқа жерінде жақын күндері карантин күшейтілмейді. Тек эпид-ахуал ушықса ғана қозғалысты шектеу қолға алынуы мүмкін.
Петропавлда бүгіннен бастап қоғамдық көліктер демалыс күндері де жүретін болды. Осыған дейін демалыс күндері жабылатын сауда орындары мен спорт кешендері де ашылды. Себебі, өңір бүгіннен бастап «қызыл аймақтан» шықты. Дегенмен мерекеде қала кезгендердің қатары қалың емес. Өңірде кешелі бері кесел жұқтырған 65 адам анықталған. Жазылғандар саны – 33. Осылайша Солтүстік Қазақстан облысы ауру анықталғандар бойынша «сары аймақтағыларға» қосылды. Дегенмен «сары аймақтағы» Шығыс Қазақстанда карантин сәл де болса жеңілдеді.
Талғат Тұңғышбаев, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі:
- Мереке және сенбі күндері супермаркет, гмипермаркет және сауда үйлерінің жұмыс істеуіне рұқсат. Бірақ ол нысандардың ішінде адам саны 30 пайыздан азпауы шарт. Яғни бір адамға төрт шаршы метр жер тиюі керек. Оның өзінде сауда орындарында балалар ойын алаңы мен аттракцион жұмыс істей алмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!