«Адал»: Жоғары пайызды несие мәселесін шешуге тырысамыз
«Адал» партиясының мүшелері үгіт-насихатпен Түркістанға барды. Олар жергілікті тұрғындардың түйінді мәселелерін тыңдап, жіті бақылауға алды.
Автор: Салтанат Шырынхан
17.12.2020
Жергілікті тұрғындар, әсіресе атаулы әлеуметтік көмек төлеу талаптарын қайта қарау қажеттігі туралы айтты. Ал «адалдықтар» депутаттық мандат бұйырып жатса, бұл мәселені майшаммен қарамақ.
Саяси ұйым мүшелері ауылдардың сапалы дамуына жағдай жасаймыз деп отыр. Бұған қоса бизнесті дамытуға грант бөлуді қолға алмақ. Елімізде 206 миллион гектар жердің көп бөлігі пайдаланылмайтынын айтады. Осылайша партия мүшелері жоғары пайызды несие мәселесін де шешуге тырысамыз деп отыр.
Дәулет Мұқаев, «Адал» партиясының мүшесі:
- Бірінші кезекте көп балалы аналарға, яғни мотивациялық деңгейде бала саны көбейген сайын, банктік мөлшерде ипотека азайып отыру керек. Әрине, қазір қоғамда отбасы деген бағдарлама бар, екі пайызбен берілетін. Десе де ол мемлекет тарапынан жылына 50, 100 млрд қана бөлінеді. Оның барлығына мүмкіндік жоқ. Сөйтіп бала саны көбейді ме, мемелекеттік деңгейде оларға тегін үй беруді қарастыру керекпіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!