ҚХП: Мемлекет халыққа қолайлы жағдай жасау керек
Автобус аралап, үнпарақ таратты. Елордада Қазақстан халық партиясының өкілдері елді сайлауға шақырып, өз партиясына дауыс беруге осылай үгіттеді.
Автор: Ербол Тұрымбет
17.12.2020
Күннің суығына қарамай аялдамадағы жұрттың қолына бір-бірден үнпарақ ұстатып шықты. Партия мүшелерінің айтуынша, бүгінде қала тұрғындары жұмыс күндері адам көп жүретін кезде қоғамдық көліктердің толып қалатынына шағымданады. Ондайда карантин уақытына қарамастан әлеуметтік арақашықтық сақталмайды. Ал партия тарапы мемлекет халыққа қолайлы жағдай жасау керек деген ойда.
Ислам Сұңқар, Қазақстан халық партиясының мүшесі:
- Қаланың болсын, ауылдың болсын инфрақұрылымы. Тұрғындарға қай жерде де қолайлы болу керек. Соның ішінде қалада қоғамдық көлікпен жүріп-тұруда қиындық болмауы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!