{metadescription}
Өртеніп кеткен он екі пәтердің тұрғындары аязда далада қалды – Өскемен
Өртеніп кеткен он екі пәтердің тұрғындары аязда далада қалды – Өскемен

Өртеніп кеткен он екі пәтердің тұрғындары аязда далада қалды – Өскемен

Өскеменде алапат өрт екі адамның өмірін алды. Он екі пәтерлі баспана түгі қалмай жанып кеткен. 35 жастағы әйел мен 9 жастағы бала сол жерде жантәсілім етті. Тағы үш тұрғын дәрігерлердің бақылауында.

Юлия Лютикова, көршісі:

- Олар жаңа көшіп келген. Жақын танымаймыз. Ерсі-қылығы жоқ. Әйелді көп көрмедік. Ал қыз бала 9 жаста болатын. Шамасы өрт кезінде үйден шыға алмай қалған. 

Өрт қос қабатты ағаш үйде түс ауа тұтанған. Лезде күш алып бүкіл үйге таралған. Абдырап қалған тұрғындар далаға терезені сындырып қашып шыққан. 12 пәтердің қазір сау тамтығы жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға 40 құтқарушы тартылған екен. Бірақ олар да дер кезінде өшіріп үлгермеді. Қазір өрттың шығу себебі мен шығын көлемі анықталуда. Ал баспанасыз қалған жұрт қыстың көзі қырауда қайда барып, кімнен көмек сұрайтынын білмей отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде