{metadescription}
Теміртаудағы пәтерді тілсіз жау дем арада тып-типыл етті
Теміртаудағы пәтерді тілсіз жау дем арада тып-типыл етті

Теміртаудағы пәтерді тілсіз жау дем арада тып-типыл етті

Теміртауда адам өмірін жалмаған пәтердегі өрт себебі анықталып жатыр. Ал түтінге толған подьезд тұрғындары бас сауғалап далаға қашуға мәжбүр болған. Ал 14 жастағы жеткіншек ысқа уланып, тысқа шыға алмай жан тапсырды.

Осындай жағдай Ақтөбеде де орын алды. Үшінші қабаттағы өртенген пәтерлерде қамалып қалған тұрғындарды құтқаруға тура келген. Дегенмен құтқарушылар мен полицейлердің жылдам іс-әрекетінің арқасында 57 адам аман қалды.  

Өрт Батыс-2 ауданындағы жаңа үйлердің бірінен шыққан. Үшінші қабаттағы бір пәтерде балалар шырпымен ойнап от тұтатты деген болжам бар. Қызыл жалын ошағына өрт сөндірушілер жеткенімен, түтінге толып үлгерген подьездегі жұртты шығару мұң болды. Іске құтқарушылармен қоса полицейлер де араласып, ұзын саны 57 тұрғын далаға шығарылды. Оның 25-сі – бала. Басы айналып құлағандарды арқалап, емшектегі сәбилерді де қолтықтай жүгірген. Түтінге қатты тұншыққан екі адамға жедел жәрдем көмегі көрсетіліп, бірден ауруханаға жөнелтілді.

Ал Теміратудағы пәтерді тілсіз жау дем арада тып-типыл етті. Өрт сөндушілер кіргенде түтін бүкіл подьезге толып кеткен. Үстіңгі қабаттаттағы жұрт өзімен қоса кәрі құртаң мен жас балаларды шығарыпты.

Олег Боровиков, Теміртау қаласының тұрғыны:  

- Подьезде түк көрінбей кетті. Күнде жүріп жүрген жерде  әбден адастым. Үш  қабаттан емес, оныншы қабаттан түскендей болдым. Енді болмаса подьездің терезесінен секірем деп ойлағам. Өйткені түтін екі өкпемді қапқанда жаным шығып кете жаздады. Осылайша екі рет көтеріліп, кішкене бала мен жүкті әйелді алып шықтым.   

Алайда түтінге толған подьезден бір бала аман шыға алмаған. Бірінші қабатта өртенген пәтерден шыққан қою қара түтін жоғары қарай көтерілген. Үйінен қашып шыққан балалардың айтуынша, көзге түртсе көргісіз қою қара түтінде төменге түсу мұң болған. Екі бала сыртқа қашып шыққанымен, 14 жастағы Әли үйдің бұрышында естен танып құлапты.

Қайтыс болған бала досының үйіне қонаққа келген екен. Пәтерге түтін кіре бастағанда үш бала есіктен бірге шыққан. Үшінші қабаттан түскенде қараса, Әли жоқ. Досы подьезге қайта кіргенімен, «таппай қалдым» дейді.

Марқұмның досы:

- Далаға екеу болып шықтық. Мәди оның егізі. Анау қалып кетті. Өзіме ауа жетпей құтақарам деп, үстіге қарай қайта көтерілдім. Таппадым, қол создым, ешкім ұстамады. Бірақ айқайлап жатты: «Азат, Азат» деп. Сөйтіп алып шықты, біраздан кейін қайтыс болып кетті.  

Баспанадағы өрт  электр сымдарының тұйықталуынан болған деген болжам айтылуда. Қайта тілсіз жау тұтанғанда бұл пәтерде ешкім болмаған. Дегенмен күлге айналған баспананы қалыпқа келтіру мүгедек, жалғызбасты анаға қиын...    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде