{metadescription}
Жақсылық Қарақожаев: Тепловизор адамның дене қызуын өлшеуге арналмаған
Жақсылық Қарақожаев: Тепловизор адамның дене қызуын өлшеуге арналмаған

Жақсылық Қарақожаев: Тепловизор адамның дене қызуын өлшеуге арналмаған

Санитарлар талап етіп жүрген тепловизорлар адам температурасын өлшеуге арналмаған. Осылай деп мәлімдеген Ұлттық сараптау орталығы дене қызуын қолтыққа қыстырып өлшейтін термометрден артығы жоқ деп отыр. Сөйте тұра мониторингтік топтар тепловизоры жоқ бизнес нысандарға миллиондаған айыппұл салып тастаған. Сонымен, мұндай аппараттар теңге табудың амалы ма, жоқ әлде расымен қоғамдық денсаулықтың қамы ма? 

Пандемия түрлі әдетті санамызға сыналап тастады. Бетпердесіз жүргенге, тексерушілер былай тұрсын, көпшіліктің өзі шүйлігетін болған. Ал қоғамдық орынға кірген бетте қолын антисептикпен ысқылап жатқандардың әрекеті үйреншікті көрініске айналды. Әрине, барлығы санитарлық талап һәм қауіпсіздіктің қамы.

Оның үстіне қайда кірсеңіз де, маңдай тосасыз, не жеңіңізді түресіз. Жауапты маман әп-сәтте дене қызуыңызды өлшеп береді. Өйтпеске амал бар ма, барлығы қадағалауда.

Айнұр Дәулетбаева, Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім басшысы:

- Карантиндік шектеуді бұзуда мың үш жүзден аса факті тіркелген болатын. Соның ішінде дене температурасының термометриясын жүргізбеу фактілері бойынша 30-дан аса әкімшілік жаза қолданылған.

Тек астанада орта деңгейлі кәсіпкерлер термометрия жүргізбегені, тепловизор сатып алмағаны үшін 10 миллион теңгедей айыппұл төлеген.

Алматыдағы Ұлттық сараптау орталығы. Мұнда АҚШ, Эстония, Швеция, Германиядан Қазақстанға келіп жатқан тепловизорлар тексерістен өтеді. Санитарлық талап болған соң да бұл жабдыққа сұраныс өте көп. Бірақ мамандардың айтуынша, адам температурасын өлшеуде бұл құрылғылардың дерегі түкке тұрғысыз екен.  

Жақсылық Қарақожаев, Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының қызметкері:

Бұл тепловизорлардың барлығы өндірістік мақсатта пайдаланылатын тепловизорлар. Бұлар адамның температурасын өлшеуге арналмаған. Сол үшін ел арасында қателік туып тұртепловизорларды медициналық мақсатта пайдалану деген. Бұл үлкен қате. Өйткені  олардың басты мақсатыөндірістік мақсатта. Ол үлкен температураны өлшеуге, 1000-2000 градусты өлшейтін құрылғы. Ал адамның температурасы тек 32-42 градус аралығында болады.

Сондықтан адам температурысын нақты көрсететін кәдімгі қолттыққа қыстыратын термометрден артығы жоқ. Әрине, кіреберісте әр келгеннің қолтығына термометр сұғуға тағы болмайды. Бұл қазіргі санитарлық талапқа қайшы. Сол үшін де өтірік дерек көрсететін жабдықпен амалдауға тура келеді.

Жұдырықтай ғана тепловизордың құны бес мың теңгеден жоғарылай береді. Ал ең мықты дегендерінің бағасы жарты миллион теңгенің ар жағында. Бірақ дене қызуын нақты өлшей алмайтынына қарамастан, қашықтан өлшейді деген кереметі үшін ғана шетелге миллион теңгелік тапсырыстар жасала бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.