{metadescription}
COVID-19: Ауруханада 239 сырқаттың жағдайы өте ауыр
COVID-19: Ауруханада 239 сырқаттың жағдайы өте ауыр

COVID-19: Ауруханада 239 сырқаттың жағдайы өте ауыр

Елімізде COVID-19 вирусына шалдыққандар әлі де көбейіп жатыр. Соңғы тәулікте коронавирус құрығына 788 адам іліккен. Ал қос өкпесі қабынғандар қатары 159 адамға толықты. Осылайша қауіпті кеселді жұқтырғандардың жалпы саны 144 мыңнан асып кетті.

Кешелі бері дерт тағы 7 адамның өмірін жалмаған. Кеселден көз жұмғандардың жалпы саны осымен 2 жарым мыңнан асты. Ал ауруханада жатқан 239 сырқаттың жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер. Аймақтағы ахуал бойынша Нұр-Сұлтан қаласы алдыңғы шепке шықты – бір күнде 111 адамнан ауру анықталған. Одан кейін Павлодар облысында соңғы тәулікте 88 тұрғынның сынамасы оң нәтижені көрсеткен.

Алматы қаласы мен Атырау облысындағы статистика шамалас. Қос өңірдің әрқайсысында 77 науқас індет жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы, көктемнен бері 129 мыңға жуық отандасымыз коронавирусты жеңіп шыққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде