{metadescription}
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал

Шымкентте карантин қаңтардың 11-не дейін ұзартылды. Эпидахуал салыстырмалы түрде тұрақты аймақ қатарына кірсе де, қалада желтоқсанның 21 мен қаңтардың 11 аралығында адамдар көп жиналатын іс-шара өткізуге тыйым салынған.

Ал қарағандылық шенеуніктер өңірде эпидемиологиялық ахуалы тұрақтала сала, облыста осыған дейін қойылған санитарлық бекеттерді алып тастамақшы.

Короновирус жайлап мазасы қашқан Қарағанды облысы қазанның 19-нан бастап өңірдің тұс-тұсына санитарлық бекет орнатқан. Енді эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, «жасыл аймаққа» кіргені сол еді, облыстың бас санитар дәрігері Бұқар Жырау, Қарқаралы мен Осакаровка ауданында орналасқан 8 санитарлық бекетті алып тастауға шешім шығарды. Бекеттер 18-желтоқсаннан бастап алынады. Коронавирусты қазірге дейін Қарағанды облысындағы 11 мыңдай адам жұқтырған.

Айгүл Шәтекова, Қарағанды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:

- Короновирустың таралуы болжағаннан асып жатқан жоқ. Қарағанды облысы «жасыл аймақта» тұр. Сондықтан қосымша шектеу шарасын енгізу жоспарымызда жоқ.

Қарағанды шектеу шараларын қысқартып жатса, «жасыл аймақта» тұрған Шымкент ел бойынша бірінші боп карантин мерзімін ұзартты. Шымқаланың бас санитар дәрігері желтоқсанның 21 мен қаңтардың 11-і аралығында той, беташар, ас беру мен туған күнге дейін тыйым салатын қаулы шығарды. Сондай-ақ жасы 65-тен асқандар көшеде жүруін шектеуі керек. Бірақ тұрғындар қаладағы карантин көптен бері «жәй спектакльге айналды» деп отыр.

Давран Әбдиев, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Басында қан қысымын, дене қызуын тексеріп жүрді. Қазір дүкенге кіресің де, бетпердені шешіп қойып жайбарақат жүре бересің, ол жағдайға бәріміз үйреніп кеттік. Той жасасақ та, мысалы СЭС-дағылар келіп қалмасын деп тығылып той өткіземіз. Меніңше, тек Шымкент емес, бүкіл аймақ сондай шығар.

Жұрт күлсе де, эпидемиологтар санитарлық талапты сақтауға шақырады. Шымкентте онсыз да бірер апта бұрын карантин шарасы әлсіреген болатын. Яғни осыған дейін демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынған базарлар жұмыс істеп, тіпті көңіл-көтеру орталықтары мен кинотеатрларға дейін сенбі, жексенбіде тұтынушы қабылдай алатын болды. Бірақ әр адам төрт шаршы метр арақашықтықты сақтауы тиіс.

Шымкентте қазірге дейін ковид жұқтырғандар саны 5 жарым мыңға жуықтап қалды. Десе де бұл республикадағы ең төмен көрсеткіштердің бірі. Бірақ «сақтансаң сақтайды» демекші, «жасыл аймақтан» шықпау үшін бетіміз үйренген бетперде тағып, санитайзер қолданып жүрсек, елді діңкелеткен вирустан сақтанарымыз анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде