{metadescription}
Азат Перуашев: «Нұр-Отанның» праймеризі көп жастарды оятқан сияқты
Азат Перуашев: «Нұр-Отанның» праймеризі көп жастарды оятқан сияқты

Азат Перуашев: «Нұр-Отанның» праймеризі көп жастарды оятқан сияқты

«Ақ жол» партиясының да үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы саяси ұйым мүшелері жастармен, яғни партия құрдастарымен кездесу өткізді.

«Ақ жолдың» құрылғанына алдағы жыл басында 18 жыл толады. Партия төрағасы Азат Перуашев жастармен кездесу кезінде кәмелетке толғандарды дауыс беру құқығына ие болуымен құттықтады. Сайлауалды бағдарламасын таныстырып, бизнесті қолдау және әлеуметтік әділеттілік туралы мәселелерге тоқталды. Осылайша еліміздің ертеңіне айналатын азаматтарымызға дұрыс таңдау жасап, мемлекетімізді бірге көркейтуге шақырды. Өйткені саяси ұйымның жастарды қолдауға қатысты бағдарламалары мен жоспарлары орасан екенін айтады.

Азат Перуашев, Aq Jol партиясының төрағасы:

- Партиямызға мүшелікке түсетін адамдардың саны күрт өзгерді. Мен өзім таң қалдым. Қарасам, анкетада көбісі жап-жас қыздар мен жігіттер. 20-25 жастағылар. Сұрасақ, біз әлі өзіміздің үгіт-насихат жұмыстарымызды бастаған жоқпыз десек, Нұр-Отанның праймеризі көп жастарды, әсіресе студенттерді оятқан сияқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде