{metadescription}
Nur Otan Қызылорда облысында 67 мыңнан астам жұмыс орнын ашады
Nur Otan Қызылорда облысында 67 мыңнан астам жұмыс орнын ашады

Nur Otan Қызылорда облысында 67 мыңнан астам жұмыс орнын ашады

Nur Otan партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қызылорда облысына барды. Олар өңірдегі түрлі саланың азаматтарымен 15-ке жуық кездесу өткізді.

Аймақтағы кәсіпкер қыз-келіншектермен жүздескен партия өкілдері алдағы бес жылға арналған жоспарын талқылады. Соның бірі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әйелдердің басшылық қызметтегі үлесін 30%-ға дейін ұлғайту. Осы орайда Гендерлік қажеттіліктер картасын әзірлемек. Нұротандықтар үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне де уақыт бөліп, елдегі демократияның өрістеуіне жол ашатын бірқатар мәселе көтерді. Жаңадан 27 денсаулық сақтау нысандарын салып, облыста 67 мыңнан астам жұмыс орнын ашамыз деп уәде берді.

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасының бір сөзі бар, әрине, біз дамимыз десек, жалпы шағын және орта бизнесті жақсы даму керек. Жақсы дамыған осындай бизнес көп жұмыс орындарын ашады. Салық төленеді. Оның үстіне экономикамыз тұрақты болады. Ол негізгі біздің мақсатымыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.