{metadescription}
Таразда такси жүргізушісін аяусыз тепкілеп, тонап кетті
Таразда такси жүргізушісін аяусыз тепкілеп, тонап кетті

Таразда такси жүргізушісін аяусыз тепкілеп, тонап кетті

Таразда 25 жастағы такси жүргізушісі өлімнен аман қалды. Діттеген жеріне жетіп алған екі қаскөй оған ақша бермек түгілі, аяусыз тепкілеп, қалтасындағы барын тартып алған. 

Күдіктілер орталықтан қала шетіндегі Қант зауыты ауданына жету үшін такси тоқтатқан. Жәбірленушінің де қарсыласып, алысқаны байқалады. Ол ақыры әлі жетпесін білді ме, күртешесі сыпырлған күйде қаша жөнелген. Содан тәртіп сақшыларына хабар беріп, көп ұзамай 32 және 29 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды. Оның біреуі осындай қылмысы үшін бұған дейін бірнеше мәрте істі болған. Енді екеуі де 3 жылдан 7 жылға дейін түрмеге отырғызылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде