{metadescription}
Қызылорда облысы әкімдігі субсидия береміз деп бәлеге қалды
Қызылорда облысы әкімдігі субсидия береміз деп бәлеге қалды

Қызылорда облысы әкімдігі субсидия береміз деп бәлеге қалды

Қызылорда облысы әкімдігінің шаруаларға субсидия береміз деп басы бәлеге қалды. Олар  биыл мал азығын субсидиялауға 730 миллион теңге бөлген екен. Алайда өңірдегі мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтарының саны ескерілмеген. Салдарынан субсидяға облыстағы 299 шаруа қожалығынан ғана өтініш қабылданған. Ал қаржылай көмектен дәмелі қожалық саны 1300.  Енді қаржаттан қағылғандар билікке наразы.

Қызылорда облысының шаруалары төрт түліктің жем-шөбіне мемлекет қарайласады дегенде қатты қуанған. Қажетті құжаттардың басын біріктіріп жүйеге енгізуді бастағанда батпан құйрықтың бұйырмағанын біліпті. 

Ербол Нұрманбетов, шаруа: 

- Шот-фактура алдық, қосымша құжатты алдық, барлығын операторға өткіздік. Содан 14-і күні сағат үштің кезінде түстен кейін база ашылады деді. Қуанып, күтіп жүрдік. Кешкі 5-6-лардың шамасында операторымызбен хабарластық, не болды, не жағдай деп. Ол кісі үлкен сәтсіздікке ұшырағанын, 7-8, әрі кетсе 10 секундқа жеткен жоқ, база ашылды да, салып үлгірмедік, жабылып қалды деді.

Басқа мал шаруашылық иелері де осындай жағдайға тап болыпты. Қас-қағым сәтте порталға салынған субсидияның 730 миллион қаржысы жоқ болып кеткен.

Рүстембек Сәрсенбаев, шаруа:

ЭЦҚ деген бар, соған келген кезде қате деп шыға береді.Кейін жасаңыз немесе колл-орталыққа хабарласыңыз дейді. Сонымен мен бір мүйізді ірі қараның өтінішіне отырғанымда  төрт айналдырып келдім. Төртеуінде де жаңағыдай жазу шықты. Бесіншісінде енді ақша жоқ деп шықты. Бізге үміт беріп қойды, біз жоспар құрдық, ол ақшаға не істейтінімізді, ал келген кезде өтірік алдап кетті.

Шаруалар құжат тіркей алмай жатқанда Шиелі ауданынан жазылған өтініштер емін-еркін өткенін айтады. Облыс әкімінің өзі түсінік беруін талап еткендердерді шенеуніктер алғашында әр залға тығып мән-жайды түсіндірмек болған. Алайда наразылар райынан қайтқан жоқ. 

Гүлшара Әбдіхалықова, Қызылорда облысының әкімі: 

Берілген 730 млн әлі ешкімнің шотына жіберліген жоқ. Сондықтан Бақыт Дүйсенович, мына Алмасбек мырзамен екі-үш кісі отырып, ережеге егер өзгеріс енгізу керек болса, бүгін қайта қарайық. Сөйтіп ауыл шаруашылығы министріне жеткізейік. Мүмкін болса, әлі кеш болмаса, мүмкін нормативтерді төмендетіп, көптеген шаруашылықтарды қамту керек шығар.

Ауыл шаруашылығы минстрлігінің ережесі бойынша, бір ірі малдың азығына 30 мың теңге белгіленген. Кішісіне – 5 мың. Осы есеппен миллондаған қаражат 299 қожалықтан аспай қалып отыр. Шенеуніктер енді  бұл нормативті 50 пайызға азайтамыз деп отыр. Сонда 588 қожалыққа субсидия беруге болады. Оның өзінде қалған 700-ге жуық шаруа қожалық қаражаттан қағылды. Алдымен шаруа қожалығы мен қолда бар ақшаны санап алмай, субсидия үлестіргіш шенділерді облыс әкімі ұрысқан болды. Сөйтті де алаланған ағайынды келесі жылы жыралқаймыз деп жылы жапты.        

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде