{metadescription}
10 жасар қыз сырғанақта көз жұмды – Алматы облысы
10 жасар қыз сырғанақта көз жұмды – Алматы облысы

10 жасар қыз сырғанақта көз жұмды – Алматы облысы

Алматы облысында 10 жасар қыз қайтыс болған сырғанақ жабылып тынды. Оқыс жағдай өткен сенбіде болған. Сырғанап түскен жасөспірім тасқа соғылып тіл тартпай кеткен. 

Айгүл Айманбекова, Көксу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Аталған орын сырғанақ тебуге арнайы жабдықталмаған. Ол жер жеке шаруа қожалықтарының біріне тиесілі жайылым жер. Жер иесіне арнайы хат жолданды. Аталған жер әкімдіктің қатаң бақылауына алынып, рейд күшейтіліп жүргізілуде.

Оқиға Көксу ауданында болған. Мереке күндері табиғат аясында тыныстағысы келген отбасы Талдықорған қаласына сырғанақты арнайы іздеп барған екен. Дәрігерлердің айтуынша, бала басымен оңбай тасқа соғылған. Содан ішіне қан кетіп, сол арада көз жұмған. Қыз қайтыс болған сырғанақты жергілікті әкімдік жауып тастады.

Қарағанды облысында да осындай таудан сырғанау қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады. Баллонмен төбеден түскен келіншек орта жолда тайып кетіп, омыртқасын сындырып алды. Тыныстай алмай көмекке шақырған әйелді тұрғындардың бірі таспаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге таратып жіберген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде