{metadescription}
Ағашты заңсыз кескен айыппұл төлеп, сотталуы мүмкін
Ағашты заңсыз кескен айыппұл төлеп, сотталуы мүмкін

Ағашты заңсыз кескен айыппұл төлеп, сотталуы мүмкін

Ағашты заңсыз кескендер бес есе айыппұл төлейді. Ал егер қоршаған ортаға келтірілген залал 270 мың теңгеден асса, түрмеге де қамалуы мүмкін. Сенаторлар Қазақстанда жасыл желектерді заңсыз шапқандарға жазаны күшейтетін Экологиялық кодексті қабылдады.

Мәулен Әшімбаев, Сенат спикері:

- Ағаш кескені үшін салынатын әкімшілік айыппұл көлемі бес есеге көбейтіледі. Мұндай құқықбұзушылық қайталанған жағдайда ірі кәсіпорындарға 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Егер келтірілген шығын 100 айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, онда заң бұзушы қылмыстық жауапқа тартылады.

Экологиялық кодекс бойынша, ағашты кескен қарапайым тұрғын 28 мың теңге айыппұл арқалайды.  Жаңа заң жобасына сәйкес, медициналық ұйымдарға салынатын айыппұл он есе көбейтілмек. Құжатта қоршаған ортаны ластайтын өндірістік кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыру жағы да қаралған. Еліміздің бас экологы қоқыс өңдеу жағы ақсап тұрғанын мойындады. Жыл сайын қатты тұрмыстық қалдықтардың тек 15 пайызы ғана өңделсе, қалғаны жер астына көміледі. Министрлік қазір қоқысты қайта іске жарататын инвесторлар іздеп жатыр.  

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Біздің елге неге инвесторлар келмейді? Себебі, қазір қалыптасқан тарифтердің көлемі өте төмен. Елде алатын болсақ, орташа тариф айына 250 теңге, оны тоннаға айналдырсақ 2500 теңге. Ал осындай кәсіпорындардың өзіндік құны кемінде 100-150 еуро.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде