{metadescription}
Шенеуніктерге шетелде ақша сақтауға заңмен тыйым салынды, бірақ...
Шенеуніктерге шетелде ақша сақтауға заңмен тыйым салынды, бірақ...

Шенеуніктерге шетелде ақша сақтауға заңмен тыйым салынды, бірақ...

Шенеуніктерге шетелдік шоттарда ақша сақтауға енді заңмен тыйым салынды. Егер ол шартты орындамаса, жұмыстан қуылады. Бір қызығы, бұл шектеудің мәслихат депутаттарына қатысы жоқ.

Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:

- Егер мәслихат депутаттарына да шетелде шот ашуға тыйым салсақ, бұл міндетті атқаратын адам іздеп кетуіміз мүмкін. Себебі, көптеген мәслихат депутаттары – бизнесмендер. Ал кәсіпкерлерге шетелде шот ашуға рұқсат бермеу қисынға келмейді. Сондықтан депутаттардың санатынан тек парламенттегілерге ғана шетелде қаржы сақтауға болмайды.

Шетелде шотты шенеуніктердің отбасы мүшелері де ұстай алады. Жаңа заңға сәйкес, пара алып немесе ақша жеп сотталған мемлекеттік қызметкердің мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға құқысы жоқ.

2018 жылдан бері 110 парақор мерзімінен бұрын бостандыққа шықса, соның 74 – ауыр, ал 14 – аса ауыр сыбайластық дерегімен айыпталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде