{metadescription}
Жарылыстан зардап шеккен 3 баланың жағдайы ауыр – Көкшетау
Жарылыстан зардап шеккен 3 баланың жағдайы ауыр – Көкшетау

Жарылыстан зардап шеккен 3 баланың жағдайы ауыр – Көкшетау

Көкшетауда көпқабатты үйде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті. Солардың арасында ғы 6 бала қазір ауруханада жатыр. Үш жеткіншек жансақтау бөліміне түскен. «Олардың жағдайы ауыр», - дейді дәрігерлер.

Қарлығаш Шалтықова, зардап шеккендердің әпкесі:

- Денесінің 70 пайызы күйіп қалған. Бір-бірін құтқарамын деп жүргенде күйген. Үлкен қызы қатты зардап шекті. 17 және 16 жастағылары оған қарағанда азырақ күйген. Бәрі оқушылар.

Жойқын жарылыстан бес литрлік газ баллонының құтысы қақ айырылыпты.  Осы кезде ағайынды екі отбасы тұрып жатқан төрт бөлмелі пәтерде 6 бала мен ата-анасы болған. Ересектер де зардап шеккен. Бірақ балаларының жағдайына алаңдаған олар ауруханада жатудан бас тартыпты.  Пәтердің терезелері сыртқа ұшып, үй ішіндегі дүние-мүлік те бүлінген. Әйтеуір от тұтанып, газ жанбаған. Қазір 7 және 16 жас аралығындағы алты бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Мамандар болған оқиғаның себеп-салдарын жан-жақты тексеруде. 

Нұрлан Атығаев, Ақмола облыстық ТЖД бастығы:

- Газ құрылғысын дұрыс қолданбаған деп болжаймыз. Жаңа толтырылған  баллонды жылытуға үйге кіргізген. Газды жылыту құралдарына жақын қойғанда газ көлемі күрт ұлғаятыны ескерілмеген. Қазір арнайы органдар баллон қай жерде, қашан толтырылғанын тексеріп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде