{metadescription}
Зейнетақы жинағын шешіп алуға рұқсат ететін заң жобасы кері қайтарылды
Зейнетақы жинағын шешіп алуға рұқсат ететін заң жобасы кері қайтарылды

Зейнетақы жинағын шешіп алуға рұқсат ететін заң жобасы кері қайтарылды

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алуға рұқсат ететін заң жобасын сенаторлар Мәжіліске кері қайтарды. Өйткені бірқатар норманы нақтылап, ішкі қарама-қайшылықты жою қажет екен.

Бұл заң жобасына бірыңғай терезе қағидасы бойынша «бизнеске арналған үкімет» қызметі кірістіріледі. Сондай-ақ микроқаржы ұйымдарына және олардың басшылығына қойылатын талап күшейтіледі. Депутаттар осылайша қарыз алушыларды қорғап, қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеміз деп отыр. Ал бұл заңның бір тармағы азаматтардың зейнетақы қорындағы жинағын алуға қатысты. Сенаторлар ол жерін өзгеріссіз қалдырған. Дегенмен заң жобасы толық мақұлданбайынша, ақша алу механизмі іске қосылмайды. Сондықтан Жоғарғы палата депутаттары енгізген ұсыныстарды мәжілісмендер қайта қарап мақұлдауы тиіс. Одан кейін ғана президентке жолданады.

Келесі жылдан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін азаматтарға беру жоспарланған. Ондай мүмкіндік 700 мың тұрғында бар.

Мәулен Әшімбаев, Сенат спикері:

- Азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға және емделуге жұмсауға құқығы белгіленеді. Осы заң жобасында білім гранттарына берілетін квота да қарастырылған. Заң қабылданғаннан кейін ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.