{metadescription}
Оралда кәсіпкерлер қарызға батып, көлеңкелі бизнес дамыған
Оралда кәсіпкерлер қарызға батып, көлеңкелі бизнес дамыған

Оралда кәсіпкерлер қарызға батып, көлеңкелі бизнес дамыған

Оралда тойхана иелері карантиннен әбден ығыр болған. Ашулы кәсіпкерлер облыс әкімдігін күн сайын күзетуге әзір. Той-садақа мен мерекелік кештерді өткізуге рұқсат бермейінше, шенеуніктердің мазасын аламыз деп отыр. Бүгін де әкімдікте жиналып шу шығарды.

Олардың айтуынша, көктемгі карантиннен бері кәсіптері тұралап, қарызға белшесінен батқан. Бірақ санитария мамандары мейрамхана қожайындарының талабын орындаудан бас тартты.

Бұрындары жаңа жыл алдында қонақ күтуден қолы тимейтін мейрамхана иелері қазір бос жүр. Көктемгі карантинен бері тойханалары қаңырап, қарызға батқан. Шыдамның да шегіне жеткенін айтып шенеуніктердің есігін жағалап жүр. Облыс әкімдігі алдына жиналған олар мейрамханаларда той-садақа мен мерекелік кештерді өткізуге рұқсат беруді талап еттті.

Жеміс Сәрсенғалиева, кәсіпкер:

- Алдын ала тапсырыс бергендердің қарызын әлі төлей алмай жүрміз. Мерекелік шараларға жарты жыл бұрын тапсырыс алатынымызды ел біледі. Ендігі күніміз не болады? Егер жұмыс істеуге рұқсат бермейтін болса, күн сайын әкімдіктің есігін күзететін боламыз. 

«Санитар дәрігерлердің тыйымынан той-садақа өткізу тоқтамайды», - дейді мейрамхана қожайындары. Қазір қолында құжаты бар кәсіпкерлер тақырға отырып, заңсыз кәсіппен айналысатындар көбейіпті.

Аслан Өтепов, кәсіпкер:

- Көлеңкелі бизнеспен айналысатындар көбейді. Мейрамханада той-садақа өткізбегенімен, жұрт коттедж, зәулім үйлерді жалдайды. Сонда өткізеді. Ал оны жалға беріп, мерекелік шараны тығылып ұйымдастырып беріп жүргендер еш салық төлемейді. Осылайша заңсыз кәсіппен айналысатындар пайда табуда.

Ал қала басшылары тойхана иелерінің талабы әзір орындалмайтынын айтады. Онымен қоса республикалық комиссия төрт күннен соң шектеуді одан сайын күшейтуді тапсырған. Тап қазір Оралда індет өршіп тұрмағанымен, қауіп әлі сейілмеген.  

Абат Шыныбеков, Орал қаласының әкімі:

- Қазір тойханаларымыз мерейтойлық, болмаса, корпоративтік кеш өткізуге мүмкіндік жоқ. Осы мәселесін тағы бір рет түсінідіріп өттік. Алайда бүгінгі таңда біздің облысымызда санитарлық-эпидемиялогиялық қалыпты жағдай болғанымен де, «жасыл аймақта» орналасқанымен, өзгеру қауіпі бар.

Санитар мамандар шектеуді барынша жеңілдетуге тырысқанын айтады. Қоғамдық тамақтану орындарында келіп-кетер мейман санын 30-дан 50-ге көбейткен. Бірақ топталып той жасап, мерекелік шаралар өткізуге болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде