{metadescription}
Қазпоштаға тиесілі вагонда жарылыс неден болған?
Қазпоштаға тиесілі вагонда жарылыс неден болған?

Қазпоштаға тиесілі вагонда жарылыс неден болған?

14-желтоқсанда отқа оранған вагонның техникалық ақауы болмаған. Осылай деп мәлімдеген Қазпошта төрағасы өртке қызметкерлердің сақтық шарасына салғырт қарауы себеп болды деп отыр.

Маңғыстау-Ақтөбе бағытындағы пойыздағы Қазпоштаға тиесілі вагонда газ баллон жарылған болатын. Вагон ішіндегі бес адам жарақат алды. Соның бірі –  пошта қызметкерінің 11 жастағы баласы. Қызметтік вагонда баланың не істеп жүргенін және газ баллоның вагонға қалай өткізіп жібергенін тергеу тобы анықтап жатыр. Өрттен кейін алты күн өткенде зардап шеккендердің бірі көз жұмды.

Қанат Алпысбаев, «Қазпошта» АҚ Басқармасының төрағасы:

- Әріптесіміз жарақаттан Бейнеудегі ауруханада қайтыс болды. Компанияның атынан марқұмның туыс-туғандарына қайғыра көңіл айтамыз. Көз жұмған әріптесіміздің отбасына компания тарапынан тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.