{metadescription}
Экология министрі: Күріш егістігін азайту керек
Экология министрі: Күріш егістігін азайту керек

Экология министрі: Күріш егістігін азайту керек

Елдегі су қорын көбейту үшін күріш егістігін азайту керек. Өйткені Қызылордада күріш артығымен егілген. Әйтпесе 10 жылдан кейін ел аумағында ағын су тапшылығы туындауы мүмкін. Одан құтылудың жол ретінде Экология министрлігінің тапқан амалы осы.

Су тапшылығын болдырмау үшін күріш егісін 29 мың гектарға азайтуды ұсынылып отыр. Оның ішінде Қызылорда облысындағы күріш алқабын 15 мың гектарға азайту керек дейді министр. Оған қоса Алматы мен Түркістан облыстарында да қысқарту керек екен. Экология министрлігінің мәлімдеуінше күріштен бөлек, ылғалды жақсы көретін мақта алқаптарын да кеміту керек. Сол арқылы өзге де егістік алқаптарын суаруға мүмкіндік ашылады екен. Өйткені алдағы он жылда 39 су қоймасын салу көзделген. Соның арқасында 394 мың гектар жаңа суармалы жер су көзімен қамтылмақ. Одан бөлек суарудың су үнемдеуші технологияларын енгізіп, сондай-ақ суару желілерін қайта жаңартып, магистралды арналарды цифрландыру көзделіп отыр.

Асқар Мәмин, ҚР премьер-министрі:

- Сумен қамтамасыз етудің төмендеп бара жатқанын ескеріп, су алудың қолданыстағы лимиті аясында су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету керек. Қызылорда, Алматы және Түркістан облыстарында ылғалды көп қажет ететін дақыл күріш артық егілген. Жұмсалған елеулі су көлемін экономикалық тұрғыдан тиімді дақылдар, көкөністер, жеміс-жидектер, соя өсіруге жұмсауға болар еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде