Мектепте бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды – БҚО
Еліміздің батыс өңірінде оқушылардың мектепке баруына тыйым салынды. Карантиннің кесірінен мандытып оқи алмаған оқушылар енді сақылдаған сары аязда білім ошағына бара алмайды. Оралда сынап бағанасы 28 градусқа дейін төмендесе, Ақтөбеде -30 градустан асқан.
Автор: Жаңалық Ахаш
22.12.2020
Аймақтағы балалар қазір жаппай қашықтан оқып жатыр. Бұған дейін кезекші сыныпқа барып жүрген бастауыш сынып оқушыларына білім бөліміндегілер мектепке келуге тыйым салды. Олар сықырлаған сары аязда балалар үсіп қала ма деп қауіптенеді. Онымен қоса аяз күшейіп, 25 градусқа дейін төмендесе, төменгі сыныптағыларға мектепке келмеуге министрлік те рұқсат берді. Педагогтар аяз қанша күшейсе де, оқу бағдарламасы жалғасады деп отыр. «Қашықтан оқытудың пайдасы қолайсыз ауа райында тиіп жатыр», - дейді мұғалімдер.
Жұлдыз Шалабаева, Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:
- Ауа райының күрт өзгеріп, аяздың көтерілуіне байланысты қазір кезекші сыныптарда оқитын 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Дегенмен ол бағдарлама жүрмейді деген сөз емес. Қазір балалар қашықтан барлық бағдарламаны үйден оқып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!