{metadescription}
Ресей вакцинасының бағасы қанша? 
Ресей вакцинасының бағасы қанша? 

Ресей вакцинасының бағасы қанша? 

Қарағандыда құтыларға құйылып жатқан корноновирусқа қарсы Ресей вакцинасының болжамды бағасы айтылды. Теріскейде 2 мың рубльге бағаланған «Спутниктің» құны теңгеге шаққанда 11 мың теңгеден сәл асады. Ал біздің елге шикізат тасымалдау бағасын қосқанда қымбатқа түспек.

Нұрлан Асылбеков, ҚР ДСМ медицина және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

- Ресейден өзінде шығарып, сол жерде жасап жатқан жерден арзан болады деп ойламаймын. Өйткені әсерлі затты біз Ресейден әкелуіміз керек. Оны ары қарай осы жерден жасап шығаруымыз керек. Мұздатқыш керек, оны жеткізуі бар, соның бәрін есептегенде бағасы шығады

Министрліктегілердің айтуынша, қазақстандық вакцина сынақтан сәтті өтсе, оның бағасы анғұрлым арзан болмақ. Бірақ дерт дендеген кезеңде оны күтіп отыратын уақыт жоқ. Сондықтан әзірге Ресей вакцинасын қолдануды бастай берген дұрыс дейді. Ал «Спутник-5» вакцинасының бір дозасы екі компоненттен тұрады. Біріншісі – егілгеннен кейін ағзаның оған қалай әсер ететіні бақыланады. Қиындық болмаса, 21 күн үзілістен соң екіншісі егіледі. Созылмалы аурулары бар немесе тұмауға шалдыққандарға екпе салынбайды.

Әзірге Қарағанды зауытында дайындалған вакцинаның 6 мың дозасы Ресейеге қайта жіберілді. Онда «Спутниктің» сапасы қатаң тексерістен өтеді. Мақұлданған жағдайда Қазақстан аталмыш вакцинаны келесі жылдың ақпан айынан бастап қазақстандықтарға еге бастайды.    

Сергей Барон, «Қарағанды фарматцевтикалық кешені» ЖШС директоры:

- Денсаулық сақтау минстрлігі мен Ресей тарапының келісімімен Қазақстан 2 миллион дозаға тапсырыс береді. Ақпан айында осы зауыттан 150 мың доза вакцина шығарылады. Бас аяғы бес айдың ішінде тапсырысты толық орындауды көздеп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде