{metadescription}
Коронавирус қанша жауынгердің өмірін жалмады?
Коронавирус қанша жауынгердің өмірін жалмады?

Коронавирус қанша жауынгердің өмірін жалмады?

Коронавирус бүгінге дейін 10 жауынгердің өмірін жалмаған. Жалпы наурыз айынан бері Қазақстан әскерінің 2 мыңнана астам сарбазы осы қауіпті вирусты жұқтырыпты. Жүз шақтысы қазір ем алып жатыр.

Төтенше жағдай енгізілген уақытта 13 мыңнан аса сарбаз санитарлық шаруаларға жұмылдырылған.

Нақтысын айтқанда, кесел дендегелі 2 200 сарбаз covid-19 жұқтырып төсек тартқан. Науқастанғандардың 80 пайызы дерттің симптомсыз түрімен ауырыпты. Өкініштісі, 10-ы тіл тартпай кетті. Ковид бес сарбаздың өмірін жалмаса, тағы бесеуі пневмониядан қайтыс болған. Пандемия уақытында әскерге шақырылған азаматтар борышын өтейтін жерге жіберілмей тұрып үш күн бұрын ПТР-тест тапсырады. Егер біреуінде вирус анықталса, барлығы оқшауланады. Бұл әскерге шақырылғандарға қатысты талап. Ал саптағы сарбаздарды қайта-қайта ПТР сынамадан өткізудің шығыны көп дейді Қорғаныс министрі.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Негізінде қарулы күш сапында адамдардың саны көп. Сондықтан барлығынан жиі ПТР-тест алуға мүмкіндік те жоқ. Бірақ бас санитар дәрігер немесе ведомствоаралық комиссия жаппай ПТР-тест жайлы қаулы шығарса, әрине, жүзеге асырамыз. Әскери бөлімдердің барлығында санитарлық талап қатаң сақталады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.