{metadescription}
Никонов пен Федоровтың мәлімдемесіне СІМ министрінің пікірі
Никонов пен Федоровтың мәлімдемесіне СІМ министрінің пікірі

Никонов пен Федоровтың мәлімдемесіне СІМ министрінің пікірі

Ресейлік депутаттарға кеш те болса берілген жауап. Қазақтардың қытығына тиген Никонов пен Федоровтың мәлімдемесіне қатысты бүгін Сыртқы істер министрі пікір білдірді. Думаның екі депутаты «Қазақстанның атақоныс жері жоқ» деп, ашықтан-ашық айтқан болатын.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Мен мұндай сөздерге орысша жауап берейін: Это бред сивой кобылы. Өздеріңіз білесіздер, біздің шекарамыз заң жүзінде делимитациядан өткен. Екіжақты келісімшартқа қол қойылған. Қазіргі таңда біз шекарамызды демаркациялаудан өткізудеміз. Пандемияға байланысты бұл процесс сәл тоқтап қалды. Сондықтан келесі үш жылда демаркацияны аяқтаймыз.    

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Думасының депутаты Вячеслав Никонов Қазақстанның жерін Ресей берген сыйлық» деп көкіген еді. Бұл мәлімдемеден соң Сыртқы істер министрлігі Ресей елшілігінің өкілін шақырып, наразылық нотасын тапсырған. Бірақ көп ұзамай тағы бір орыс депутаты Евгений Федоров «Қазақстан жерін Ресей империясынан жалға алған, енді қайтаруға міндетті» деп онлайн эфирде жар салды. Сыртқы істер министрлігі бұл пікірдің барлығы Ресей Федерациясының саяси ұстанымымен сәйкес емес деген сенімде. «Дегенмен өзім қазақ ретінде мұндай сөздер намысыма тиеді», - деді министр Мұхтар Тілеуберді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде