{metadescription}
ҚХП: Әр отбасына үй салып, шаруашылығына 20 сотық жер телімін бергіземіз
ҚХП: Әр отбасына үй салып, шаруашылығына 20 сотық жер телімін бергіземіз

ҚХП: Әр отбасына үй салып, шаруашылығына 20 сотық жер телімін бергіземіз

Қазақстандық жұмысшылардың еңбегі дұрыс бағаланбайды. Қазақстан халық партиясынан мәжілісмен атануға үміттілердің пікірі осындай. Аталмыш партия өкілдері сайлауалды науқанында Павлодар облысының жұмысшыларымен жүздесті.

Кандидаттар Ақсудағы ферроқорытпа зауытының жұмысшыларына бағдарламаларын түсіндірді. Кездесуде жұмысшылардың құқынан бөлек, тұтастай әлеуметті толғандыратын тегін білім, медицина, тұрғын үй мәселелері сөз болды.

Мәжіліс сайлауына түсетін партия мүшелері азаматтардың жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру сапасының ең төменгі стандарттарын заңнамалық түрде бекіту қажет деп отыр. Оған қоса кандидаттар жер мәселесін түбегейлі шешіп, әр отбасыға үй салып, шаруашылығын дөңгелентуге 20 сотық жер телімін беруді уәде етті.

Нұрболат Теміров, Қазақстан халық партиясының мүшесі:

Халық жанына жақын өзекті мәселелердің шешімін қалайды. Әлемде орын алған жағдайға байланысты, бірінші кезекте, денсаулық мәселесін көтерді. Сапалы және қолжетімді медицина саласы оны барлығымыз білеміз қандай жағдай орын алғаны. Ақсу, Павлодар қаласында жаз айларында қиын жағдай болды. Осы мәселені көтеріп отыр, денсаулық саласында. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде