{metadescription}
«Ауыл»: Ауылда еңбек ететін әйелдердің зейнет жасын 53 жасқа азайту керек
«Ауыл»: Ауылда еңбек ететін әйелдердің зейнет жасын 53 жасқа азайту керек

«Ауыл»: Ауылда еңбек ететін әйелдердің зейнет жасын 53 жасқа азайту керек

Ауыл тұрмысын түзеу қажет! Ауыл партиясының мүшелері үгіт-насихатын қызу жүргізіп жатыр. Бұл жолы олар Қызылорда өңіріндегі зауыттарды аралады. 

«Арал балық» зауытының жұмысшыларымен кездескен «ауылдықтар» балық шаруашылығын дамыту мәселесіне қатысты бастама айтты. Партия өкілдері Қазақстанда балық өнімдерін тұтыну мәдениетінің дамымағандығына байланысты ішкі нарықта өткізуде қиындық туындап отырғанын жеткізді. Сондықтан мәжіліс депутаттығына үміткерлер қайта өңдеу мен экспортқа қан жүгірту керек деп отыр. Партия бағдарламасында зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға арналған түрлі ұсыныстар да бар.

Зейін Әліпбек, Ауыл партиясының мүшесі:

- Ауылда еңбек ететін аналардың зейнет жасын 53 жасқа дейін азайтуды ұсынып отырмыз. Сондай-ақ барлықтарыңызға белгілі «Бала нәсібі» деп аталатын жәрдемақы тағайындауды ұсынып отырмыз. Ол бойынша балаға бір жасқа дейін емес, 18 жасқа толғанға дейін жүйелі түрде жәрдемақы беріп отыруды ұсынып отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде