Aq jol шикізат төңірегінде ұсыныс айтты
Aq jol партиясы Алматы облысындағы «Қайнар» аккумулятор зауытының ұжымымен кездесті. Жұмысшылар толғандырып жүрген сауалдарын қойып, ұсынысын айтты. Партия өкілдері кәсіпкерлер мен қатардағы жұмысшылардың құқын қорғауда нәтижелі жұмыс істеуге уәде берді.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
24.12.2020
Зауытта айына 340 мың дана аккумулятор өндіріледі. Биылғы меже – 2 миллион 600 мың дана. Отандық өнім ішкі нарықты айтпағанда, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Польша, Германия, Италия және тағы да басқа елдерге экспортталады. Кәсіпорында 1 200-ден астам жұмысшы бар. Басым көпшілігі – жастар. Aq jol-дықтар бұл зауытқа өзекті мәселелердің бірі – шикізат төңірегінде ұсыныс айтты. Мұнда қорғасынды отандық кен өндірістері аса қымбат бағамен сатады. Ал миллиондаған аккумулятор сатып алатын Өзбекстан қолданыстан қалғанын кері қайтарғысы жоқ. «Міне, осы түйткілдерді шешуге күш саламыз», - дейді партия өкілдері. Оның үстіне қауіпті жерде жұмыс істейтіндердің зейнет жасын қарастыру да талқыланды.
Азат Перуашев, Aq jol партиясының төрағасы:
- Біздің жерімізден алынған табиғи металдарымызды олар шетелге сатып жатыр. Өзіміздің өндірушілерімізге, яғни сол металдардан дайын өнімді шығаруға, мысалға, аккумулятор шығарушы бағаны Лондондағыдай баға қойғысы келеді. Бұл қаншама дұрыс? Меніңше, ол дұрыс емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!