Мақсат Толықбай: Зейнетке шыққысы келе ме, шықсын
Adal партиясы өңірлерде үгіт-насихатын жалғастырып жатыр. Ақтөбе облысында жүрген саяси ұйым мүшелері қала тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Автор: Салтанат Шырынхан
24.12.2020
Алғашқы кездесулерін Қандыағаш қаласынан бастаған партия өкілдері қараша халықтың үніне құлақ түріп, түйткілді мәселелерін тыңдады. Сондай-ақ өз ұстанымынан таймауын талап етті. Осылайша аймақтағы шикізат өндіру мен қайта өңдеу жүйесіне баса назар аударылады деп отыр. Хромтау қаласына да арнайы ат басын бұрған адалдықтар жұртшылыққа әлеуметтік төлем көрсетілетіне уәде берді. Мәселені айтып қана қоймай, бірге шешуге шақырды.
Мақсат Толықбай, Adal партиясының мүшесі:
- Расымен біз осылай ауыр жұмыстарда, цехтарда жұмыс істейтін, металлургияда шахтерлар бар, медбикелер бар. Біз таңдау беруіміз керек. Біреулер шынымен күш-қуаты мықты, жұмыс істей бергісі келетін шығар, 60 жасқа дейін. Бірақ 53-тен таңдау еркін беру керек. Зейнетке шыққысы келе ме, шықсын. Жоқ, ары қарай жұмыс істей берем десе, онда тағы өз еркі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!