{metadescription}
Жалғызға жабылған бір топ жігіт іздестірілуде – Түркістан облысы
Жалғызға жабылған бір топ жігіт іздестірілуде – Түркістан облысы

Жалғызға жабылған бір топ жігіт іздестірілуде – Түркістан облысы

Түркістан облысында жалғызға жабылған бір топ жігіт іздестіріліп жатыр. Дәмхана маңында тұрған 35 жастағы азаматты тепкінің астына алғандар атыс қаруы мен пышақ қолданған. Ол бақылау камерасына түсіп қалды.

Әлеуметтік желілерге таралып көпшіліктің талқысына  түскен қылмыс қалай болған?

Оқыс оқиға Сарыағаш қаласынан он шақырым жердегі Сарыағаш-Шымкент тасжолының бойында болған. Кешкісін жол бойындағы дәмханаға «Тойота Камри» автокөлігі тоқтайды да, оның жүргізушісі әжетханаға кетіп, жолаушысы сол жерде тұрған. Тап сол кезде «Аудиә көлігі тоқтап, ішінен түскен бірнеше азамата жалғыз тұрған жігітке бас салады. Ал оқиғаның барлығы кафенің бейнекамерасына түсіп қалған.

Зәресі ұшқан Қанат Сапарбеков дәмхананың ішіне тығылмақшы болады. Бірақ артынан қуғандар бірнеше мәрте оқ атады. Содан кейін оны ұстап алып, дәмханадан сүйреген күйі тепкінің астына алған. Бұл кезде абдырап қалған қызметкерлер ас үйге тығылып үлгеріпті. Ал соққыға жығылған 35 жастағы азамат ес-түссіз кафе алдында қансырап жатқан. Алғашында Сарыағаш ауданының ауруханасына түскен жәбірленуші алғашқы көмек алған соң, Келес аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.

Нұрсұлтан Тастанов, Келес аудандық ауруханасының дәрігері:

- Сапарбеков Қанатта жабық бас жарақаты. Басынан ұрған. Төбесінде жарақат және бір жамбасы пышақпен кесілген. Оқпен атқан. Рентгенде жамбасының ішінде бытыра бары анықталды.

Оқиға осыдан бір апта бұрын болса да, полицейлер төбелестің неден шыққанын білмейді. Осыған дейін бірнеше мәрте сотты болған Қанат Сапарбеков жабылған жігіттердің бірін соққыға жығып, бірнеше күн өткен соң ашулы топ «кек қайтарды» деген болжам бар. Қазір тәртіп сақшылары бұзақыларға іздеу жариялады.    

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Аталған жәйт Сарыағаш АПБ-де ҚР ҚК «бұзақылық» бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті азаматтар анықталды. Қазір Түркістан облысы ПД-де арнайы топ құрылып, жедел уәкілдермен күдікті азаматтарды ұстау шарасы жүргізіліп жатыр.

Төбелестің мән-жайы анықталған соң, бұзақылық бабына тағы да дерек қосылуы мүмкін. Ал әзірге оңбай таяқ жеген жігіттің беті бері қарап, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.