{metadescription}
Асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес мектеп бағдарламасына енгізіледі
Асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес мектеп бағдарламасына енгізіледі

Асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес мектеп бағдарламасына енгізіледі

Асық ату, тоғызқұмалақ және қазақша күрес мектеп бағдарламасына енгізілетін болды. Бүгін Сенат «Мәдениет, дене шынықтыру және спорт туралы» заңға енгізілген осындай өзгертулерді мақұлдады. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, алдымен елорда мектептерінде тәжірибе ретінде оқытыла бастайды.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Ең алдымен асық ату, тоғызқұмалақ және қазақша күрес енгізіледі.  Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында қазақша күрес ұлттық спорт түрін орта білім мектептерінде пилоттық жоба ретінде енгізу қарастырылып отыр.

Жалпы ұлттық спорттың 20-дан астам түрі бар екен. Солардың ішінен мектеп бағдарламасына қосуға болатыны іріктеліп алынады. Яғни ұлттық спорт түрлерін міндетті компонент ретінде енгізеді. Аталған үш ойыннан бөлек, аударыспақ, көкпар, жамбы ату, жекпе-жек сияқты ойындарды да болашақта дене шынықтыру сабағына қосу көзделген. Бірақ толық емес. Тек оқушылардың денсаулығына зақым келтірмейтін тұстары алынады. Жалпы осы айтылған ұлттық спорт түрлері мектеп бағдарламасына кіргізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.