Бөбектерге үстемдік көрсеткен тәрбиешілерге іс қозғалды – Щучье
Щучьеде «Мерей» балабақшасындағы тәрбиешінің оғаш қылығы жұрттың жағасын ұстатты. Балаларды жұлқылап дөрекі мінез көрсеткен екі тәрбиешінің әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
24.12.2020
Бүлдіршіндерді жекіп, жылатып, тіпті жұлқылап жүрген тәрбиешілердің ісін ата-аналар байқап қалыпты. Яғни бақылау камерасындағы таспаны сүзіп шыққандар талай былықтын бетін ашқан. Кадрда тәрбиешінің орындықты жұлқылап, баланы құлатып, жәйіне кетіп бара жатқаны анық көрінеді. Бектерді киіндіргенде де ашу шақырып, жұлқи сөйлеп отырғаны байқалады. Бұл жекеменшік балабақша. «Мектепке дейінгі мекемелердің барлығына талап бірдей», - дейді білім басқармасындағылар. Сондықтан тәртіпсіз тәрбиешілерге қатысты іс қозғалып, тергеу басталды.
Валерий Гамазов, Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Дерек дәлелденді. Тәрбиешінің балаларға жасаған дөрекі қылығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Комиссия құрылып, балабақшада жұмыс істеп жатыр. Қазір екі тәрбиеші де жұмыстан қуылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!