{metadescription}
Далада қалған жалаңаш қыз. Анасын тұрмыс түйткілі қажытыпты  
Далада қалған жалаңаш қыз. Анасын тұрмыс түйткілі қажытыпты  

Далада қалған жалаңаш қыз. Анасын тұрмыс түйткілі қажытыпты  

Туған перзентін жазалаймын деп от басты. Нұр-Сұлтанда аязды күні қызын жалаңаш далаға қуып шыққан әйел ата-ана құқынан айырылуы мүмкін. Қазір құзырлы органдар елді шулатқан жағдайды жіті тексеріп, 35 жастағы ананы  жазалауды қарап жатыр.

Ал жантүршігерлік оқиға бір шаңырақтың астында отбасымен тұратын көршінің киім қыстырғышынан басталыпты. Ойнау үшін өзгенің мүлкін алған балалардың еркелігін көтере алмаған ананың әрекеті осылайша үлкен дауға ұласқан.

Әлеуметтік желіде санаулы сағатта таралған сурет кімнің болса да жүрегін сыздатады. Сегіз жасар қыз қыстың қақаған аязында іш киіммен тоңып отырған. Ойын баласының шалалығы анасының туған қызын далаға қуып шығуына түрткі болған.

Айналдырған үш сурет Қазнетті дүр сілкіндірді. Бұқараның жазған пікірінде сан жоқ. Бәрі де «жүрегі жоқ ананы жазалау керек» деп жатыр. Фотоларды әлеуметтік желіге кішкене қызға жаны ашыған көршісі жүктепті. Ал дау  киім қыстырғышынан басталған.

Алан Жакеев, көршісі:

- Біздің заттарымызды рұқсатсыз алған соң, балаларға ұрыстық. Бірақ арты сондай қатыгездікке ұласады деп ойламадық. Ұрысқанымызды естіген олардың анасы туған балаларына шап берді. Қызын далаға шығарып жіберді. Мұны көрген әйелім суретке түсіріп әлеуметтік желіге салған.

35 жастағы әйелдің қызы ғана емес, 6 жастағы ұлы да табалдырықта өзгелердің көзінше оңбай таяқ жеген. Көршілері балаларды ұрып-соғу бұл отбасында жиі болып тұрады дейді. Кішкене қыздың дәлізде ұйықтауы үйреншікті жағдайға айналыпты. Айжамалдан өз шындығын сұрап көрмек болдық, үйінің есігін ашпады.

- Айжамал, «КТК» телеарнасынан. Мүмкін сіз шығып, бізге не жағдай болғанын айтып берерсіз?

Баласын жазалаймын деп от басқан ана бізді осылайша үнсіздігімен жеңді. Қызбалыққа салынған келіншек енді жасаған ісіне өкінеді екен. Тұрмыстық проблема оны қажытыпты.

Динара Сәтжан, қоғам белсендісі:

- Өмірдегі түрлі проблема, үйдің жоқтығы, балаларды асырау, ақшаның жетпейтіні адамды жейді. Соның бәрі жиналып қалған. Сөйтіп анасы өшін балаларынан алған. Енді Айжамал өкініп отыр. Мұндай жағдай болады деп ойламаған. Мен өз тарапымнан көмектесемін, тіпті үй алып беруге тырысамын. Қоғам менің бастамама қосылады деп ойлаймын.

Елорданың ескі бөлігінде үй жалдап отырған жанұяның проблемасы баспаналы болумен ғана шешілмесі анық. Сау басына сақина тілеген ата-ана тоғыз ай күткен балаларынан айырылып қалуы мүмкін. Қамқорлықпен айналысатын орган заң аясында тоқетерін жуық арада жариялайды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде