ҚХП: Зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету қажет
Қазақстан халық партиясының кандидаттары Павлодар облысында жүр. Саяси ұйым мүшелері мұнда теміржолшылармен кездесті.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
25.12.2020
Депутаттыққа үміткерлер бағдарламаларын түсіндіре келе, зейнетақы жүйесін реформалау мәселесін талқылады. Олар зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету қажет деп есептейді. Қазақстан халық партиясының мүшелері карантинде зардап шеккен кәсіпкерлерге де араша түспек. Олар пандемияға дейін салықты уақтылы төлеп келген, бірақ шектеуге байланысты қиын жағдайға тап болған жеке және заңды тұлғаларға несие рақымшылығы жасалуы керек деген ұстанымда. Білім саласы да партия назарында.
Гауһар Нұрманова, Қазақстан Халық партиясының мүшесі:
- Тұрғындарды еліміздегі білім сапасы алаңдатады. Әрі олар тегін білім беруге көшуді қалайды. Сонымен қатар жұрт пандемияның денсаулық сақтау жүйесінің осал тұстарын көрсетіп бергенін сөз етті. Сондықтан біз медицина саласына ерекше мән беруіміз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!