Nur Otan: Денсаулық саласына бөлінетін қаржы ЖІӨ-нің 5 пайызына дейін өседі
«Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына дейін өседі». Ақтөбелік дәрігерлермен кездескен Nur Otan партиясының өкілдері осындай уәде беріп отыр.
Автор: Нұргұл Нұрланқызы
25.12.2020
Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында аудандық ауруханаларды заманауи рентген аппараттарымен және томографтармен қамтамасыз ету көзделген. Ақтөбе облысына сапар барысында нұротандықтар темір-бетон өнімін шығаратын «СтройДеталь» зауытына да кіріп шықты. Билеуші партия бес жыл ішінде елімізде осы секілді кемі 100 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Және өңірде 60 мектеп салуды қолға алмақ. Соның бірі Маржанбұлақ ауылында бой көтереді.
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Біздің бағдарламада бірқатар уәделер берілді. Сол бойынша осы ауылдың, сіздердің сауалнамаңызды ескере отырып, 300 орындық мектепті салуға уәде береміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!