«Ауыл»: Ауыл шаруашылығына бөлінетін несие пайызын төмендету керек
Фермерлерді қолдау үшін ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін несие пайызын төмендету керек. Ақтөбелік шаруалармен кездескен «Ауыл» партиясы өкілдерінің ұстанымы осындай.
Автор: Жаңалық Ахаш
25.12.2020
«Ауылдықтардың» ең басты мақсаты – ауылдың тұрмысын көтеру. Сондағы халықты сапалы жолмен, орталықтандырылған су және газ жүйесімен, интернетпен қамтамасыз ету. «Ауылдағы кәсіпкерлікті қолдап, жұмыссыздық мәселесін шешуге күш саламыз», - дейді. «Ауыл» партиясы бағдарламасының тағы бір қолайлы тұсы – көп балалы аналарға жағдай жасау. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын несиелендіруге қолайлы шарттарды жүзеге асыру қажет дейді партия өкілдері.
Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:
- Несие туралы ауыл шарушылығында бір жылға ғана беріледі. Егістік мәселесі бір жылға ғана беріледі. Оны екі жылға көбейтеміз. Сосын оның алты, бес пайызы бар. Оны 1-2 пайызға дейін төмендетеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!