{metadescription}
Adal партиясы Ақтау өңірлік саясатын түбегейлі өзгертуді көздейді
Adal партиясы Ақтау өңірлік саясатын түбегейлі өзгертуді көздейді

Adal партиясы Ақтау өңірлік саясатын түбегейлі өзгертуді көздейді

Ақтауға бөлінетін қаражаттың жұмсалуына жергілікті тұрғындардың көңілі толмайды. Бұл туралы олар Adal партиясының мүшелерімен кездесуде айтты.

Жұрт өңірге бөлінген бюджет қаражаты «тиімсіз жұмсалуда» дейді. Соның кесірінен түрлі мәселе туындап отыр екен. Ал партия мүшелері бұл жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді. Әрі саяси ұйым мүшелері өңірлерді дамытудың қолданыстағы стандарттары ескірген дейді. Сондықтан өңірлік саясатты түбегейлі өзгертуді көздейді. Олар сайлау қорытындысына қарамастан тұрғындардың түйткілді мәселелерін шешуге қол жеткіземіз деп уәде берді.

Елдар Жұмағазиев, Adal партиясы саяси кеңесінің мүшесі:

- Болашақта мына мұнайдың орнын басатын – өнеркәсіп, өндіріс. Осы тауарларды өзіміз өндіруіміз керек. Салықты азайтсақ, кеден салығын, бажды азайтсақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде