{metadescription}
Алматыда бір тоннаға жуық отшашу тәркіленді
Алматыда бір тоннаға жуық отшашу тәркіленді

Алматыда бір тоннаға жуық отшашу тәркіленді

Алматыда жаңа жыл қарсаңында заңсыз пиротехника саудасымен күрес күшейді. Мереке күндері тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаған тәртіп сақшылары мен төтеншеліктер сауда орындарын аралап,  бір тоннаға жуық отшашу тәркіледі.

Ал алдындағы тауарының сертификатын көрсете алмаған саудагерлерге шетінен айыппұл салынып жатыр.

Ерлан Әлібеков, Алматы қалалық ТЖД басшысының міндетін атқарушы:

- Тұрғындарға пиротехниканы дұрыс пайдалану туралы 2 мыңнан астап ескертпе таратылды. Полиция қызметкерлерімен ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабының 1-бөлімі бойынша 8 әкімшілік хаттама толтырылды.

Жаңа жыл кезінде өрт қауіпсіздігін сақтап, отшашуларды қолданудың тәртібін ескерткен мамандар қысқа уақытта 40 тексеру шарасын өткізіп, сапасы күмәнді 826 келі приотехника өнімін тәркіледі.

Рейд қаңтар айының басына дейін жалғасады. Өйткені соңғы бес жылда қалада мереке күні тұтанған 76 өрттің 16-сы пиротехниканы дұрыс қолданбаудан болған. Сол себепті төтеншеліктер аталған өнімдердің сапасына мән беріп, арнайы рұқсат етілген дүкендерден ғана сатып алуға кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде