Нұр-Сұлтанда отшашуға, Аяз ата мен Ақшақарға – тыйым
Елордада жаңа жыл мерекесінде отшашу атылмайды. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, тек отбасында атап өтіп жатқандарға ғана рұқсат. Сондай-ақ балалардың қуанышына бола үйге Аяз ата мен Ақшақар шақыруға да тыйым салынды.
Автор: Ербол Тұрымбет
25.12.2020
Отшашу болмайтын себебі – жұртты топтап жинамау. Қалалық бас санитардың қаулысы бойынша, бас қаламыз жаңа жыл түнін тым-тырыс өткізуі тиіс. Аяз ата мен Ақшақарды үй-үйді араламау керек. Коронавирус жұқтыру қаупі өте жоғары. Оның үстіне, ұжымдық кеш өткізуге рұқсат жоқ. Ертеңнен бастап қаладағы кинотеатрлар жұмыс істей бастайды. Бірақ іші 30 пайыздан артық толтырылмауы керек. Дүкендерге қатысты айта кетерлігі, қалалық бас санитардың қаулысында аумағы 2 мың шаршы метрден асатын сауда нысандары штаттық режимде жұмыс істей беруіне болады деп жазылған.
Жанна Пірәлиева, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері:
- Карантин шектеуіне дейін қандай тәртіппен жұмыс істесе, ертеңнен бастап сол кестеге оралуына болады. Әдетте үлкен сауда үйлері негізінен түнгі 11-ге дейін ашық болады. Ал тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер бұрынғы жұмыс тәртібіне көше алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!