COVID-19: Қазақстан «сары аймаққа» кірді
Қазақстан COVID-19 вирусының таралуы бойынша «жасылдан» «сары аймаққа» өтті. Бұл елімізде қос өкпесі қабынғандардың көбейіп жатқанын білдіреді. Статистикаға зер салсақ, қауіпті індет жұқтырғандар саны 150 мыңнан асқан.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
25.12.2020
Соңғы тәулікте коронавирус елдегі 736 тұрғыннан, коронавирус пневмониясы 154 адамнан анықталды. Өкпесіне вирус таралған 3 адам аурудан көз жұмды. Сөйтіп кеселден құрбан болғандар саны 2700-ге жуықтады. Бүгін Қазақстан әлем елдері арасында COVID-19-дың таралуы бойынша «сары аймаққа» кірді. Енді жеті күн бойы елдегі ахуал бақылауда болмақ.
Елдегі өңірлерден Атырау облысы «қызыл» аймақтан әлі де шыққан жоқ.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы «сары» аймақта.
Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.
40 күндей «жасыл» аймақтардың қатарында болған Батыс Қазақстан облысы да бүгін «жасыл» түске боялды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!