ҚХП: Әлеуметтік төлем мөлшерін арттыру қажет
Қазақстан халық партиясының өкілдері дүкен аралап, отандық өнімнің көлемі мен сапасын саралады. Мәжіліс депутаттығына үміткерлер азық-түлік бағасын өсірмеуді ерекше қадағалау керектігін атап өтті.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
28.12.2020
«Халықтікін сатып ал» акциясы аясында депутаттыққа кандидаттар қазақстандық өндірушілердің өнімін сатып алды. Партия мүшелерінің айтуынша, пандемия уақытында отандық тауарлардың бағасы айтарлықтай шарықтаған. Ал үкіметтің жұмыссыз қалғандарға берген 42 500 теңгесі азық-түлікке жетпейді. Сондықтан Халық партиясы әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру қажет деп санайды.
Жамбыл Ахметбеков, Қазақстан халық партиясының мүшесі:
- Біз әсіресе отандық өнім өндірушілерге қолдау білдіргіміз келеді. Ал дүкен сөрелеріндегі тауарлардың басым көпшілігі қазақстандық өнім болғанын қалаймыз. Оған қоса шаруа қожалықтары өнімдерін көбейтуге, жерді жалға беру мәселесіндегі кедергілерді жою жағын қарастырған жөн деп санаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!