Aq jol : Жастарға арналған жатақханалар салынады
Жастарға арналған жатақханалар салынады. Елордалықтармен кездескен Aq jol партиясының өкілдері осындай уәде берді.
Автор: Салтанат Шырынхан
28.12.2020
Саяси ұйым өкілдері «Түбегейлі өзгерістер қажет» деген сайлауалды бағдарламасы және партия қызметімен таныстырды. Бүгінде азаматтарды мазалайтыны – тұрғын үй мәселесі. Ал кітапханашылар талаптарға сай келмейтіндіктен, мемлекеттік бағдарламардың ешқайсысына қатыса алмайды екен. Осы орайда ақжолдықтар кітапханашылар көтерген барлық түйткілді мәселені назарына алуға уәде берді.
Сұлтан Хан Аққұлы, Aq jol партиясының мүшесі:
- Көбінесе осы бюджет саласында кітапхана қызметкерлері, оқу орындарының, мектеп оқытушыларының айлық жалақысы өте төмен. Ол айтпаса да түсінікті. Негізі «Ақ жол» партиясының ұстанымы осы бюджет саласының – денсаулық сақтау, кітапхана, жоғарғы оқу орындары қызметкерлерінің жалақысын Еуропа одағы елдерінің деңгейіне жеткізу. Осындай ұсынысымыз бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!