{metadescription}
«Әскери құрылыс Астана» жұмысшылары көк тиынсыз қалған
«Әскери құрылыс Астана» жұмысшылары көк тиынсыз қалған

«Әскери құрылыс Астана» жұмысшылары көк тиынсыз қалған

Жалақыға миллиондап қарыз. «Әскери құрылыс Астана» компаниясының қызметкерлері бүгін жұмысқа шықпай, бастықтың кеңсесінің алдына жиналды. Жаңа жыл алдында көк тиынсыз қалғандар маңдай тер ақысын талап етіп отыр.

Балқия Тұрғынбаева:

Айлығымыз тек 57-58 мың. 6 600 теңгеден түбіртекте тұр, ұсталатын. Ал наурыздан бері бізде ол ақша жоқ. Мен кеше үй алайын деп банкке барсам, сізде зейнетақыға жарна түспеген деп, маған несие бермей жатыр, тоғыз айдан беріМейлі, бізге сыйақы, сыйлық ештеңе керек емес. Тымқұрыса айлығымызды берсін. Алатын ақшамыз 50-60 мың ғана!  

Бұл адамдар «Әскери құрылыс Астана» компаниясында еден жуу, аула сыпыру міндетін атқарады. Бірақ сол мардымсыз айлықтың өзін осылай бас кеңсеге келіп даулауға мәжбүр. Сөйтсе компания сәуірден бері зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударым да жасамаған. Ал тиісті соманы  айлықтарынан ұсталып отырған. «Шаш етектен қарызға баттық» деген басшылық, алдағы бір-екі күнде айлық мәселесін шешеміз деп уәде берді. Бірақ жиналған жұмысшылар бұл сөзге сенген жоқ

Олжас Бекмағамбет, «Әскери құрылыс Астана» ЖШС қаржы директоры:

Тапсырыс берушіден 270 миллион теңге түсуі тиіс. Сол қаржы түскен бетте жалақыны толық аударамыз. Қызметкерлерімізбен сөйлестік, ақша жетпей жатыр. Компанияның 3 миллиард теңге қарызы бар. Соның ықпалынан осындай қиын жағдайға тап болдық.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде