Есіл мен Жарқайыңда есірткі сатқан қостанайлық кәсіпкер ұсталды – Ақмола облысы
Ақмола облысында есірткі саудасын қыздырған қостанайлық кәсіпкер қолға түсті. Ол тыйым салынған заттарды өзінің ағаш цехында сақтаған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
28.12.2020
41 жастағы кәсіпкерді полицейлер Қостанай облысында ұстады. Ол Есіл, Жарқайың аудандарындағы нашақорларды есірткімен қамтамасыз етіп келіпті. Кәсіпкер «КамАЗ» жүк көлігінде келе жатқанда қолға түсті. Көліктен қапқа салынған 10 келі марихуана табылды. Ал Қарасу ауданындағы цехын тінтігенде 18 дана оралған есірткі тәркіленді. Сондай-ақ әлі сатылымға шықпаған 11 келі марихуана табылыпты.
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Ол Көкшетау қаласындағы уақытша қамау абақтысына жіберілді. Алғашқыда бұл іс «Заңсыз есірткі саудасымен айналысу» бабымен қозғалып, қазір «аса ірі көлемде есірткі саудасымен айналысу» бабына өзгертілді. Бір айта кетерлігі, оның кәсіп еткен цехы жұмыс істемегн. Яғни онда ағаш та, темір де өңделмеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!